Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының кезектен тыс ХL (40-шы) конференциясы болып өтті. Конференция жұмысын «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы Өмірзақ Тұрымбетұлы Елеусінов ашып, жүргізді.
Күн тәртібіндегі мәселе «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс XXXIV конференциясына қатысатын делегаттарды сайлау бойынша сөз алған Жалағаш аудандық мәслихат аппаратының Ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы, Даму бастауыш партия ұйымының төрағасы Құттымбетова Эльмира Мергенбайқызы таныстырып, конференция жұмысына қатысушы делегаттар бірауыздан сайлады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!