«АМАNАТ» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі.
Бұл ұсынысын ол «АМАNАТ» партиясының кезектен тыс XXIV съезінде айтты.
Съезд жұмысына 1200 «АМАNАТ» мүшесі қатысуда. Барлық облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы партия мүшелері «АМАNАТ» басты саяси шарасына қатысуға 700 делегат сайлады.
«Біз өткенге оралмауымыз керек. Ауқымды өзгерістердің заңды жалғасы болуы керек. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат пен мұратқа жету үшін лайықты басшы керек. Сондықтан мен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсынамын», деді Е.Қошанов.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!