Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Сейсенбі, 01 шiлде, 21:32

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының көшпелі мобильдік қоғамдық қабылдауы өтті

28.05.2025

37

0

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында мобильді қоғамдық қабылдау өтті.

Қабылдауға Жалағаш кентінің әкімінің орынбасары Нұрсейтов Талғат, Жалағаш ауданыдық мәслихаттағы , «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Жанашев Сәбит, Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Еділбайұлы Нұрбол, Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының орынбасары Құрақбаев Мейірбек қатысты. Тұрғындар өздерін толғандырған әлеуметтік, инфрақұрылымдық және құқықтық мәселелер бойынша сауалдарын қойып, нақты жауаптар мен кеңестер алды.

Көтерілген мәселелердің басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету салаларына қатысты болды. Әрбір өтініш бойынша тиісті сала өкілдері тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кейбір мәселелер сол сәтте шешімін тапты. Қалған өтініштер бақылауға алынып, заң аясында қаралатын болады.

«AMANAT» партиясы тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, олардың мәселелерін шешуге ықпал ету мақсатында көшпелі қоғамдық қабылдауларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Бұл шаралар партияның халықпен тығыз байланысын нығайтып, ел игілігі жолында нақты істер атқаруға бағытталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: