Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Жұма, 22 қараша, 03:52

Америкалық ковбойлар қазақстандық шабондаздарға төтеп бере алмады

10.09.2024

495

0

Астанада өтіп жатқан  V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көк бөріден іріктеу ойындары өтіп жатыр.

Америкалық ковбойлармен тартысқа түскен Қазақстан құрама командасы 18:0 есебімен ойсырата ұтты. 

«Дайындалған тактикамыз бойынша ойнап шықтық. Америкалық қарсыластар қазандыққа көп үйренбегендіктен артта қалып қойды. 7-8 жылдан бері қазандықта дайындалып жүрміз. Көкпар мен көк бөрінің көп айырмашылығы жоқ, бірі қазандықта, бірі жерде ойналады. Көк бөрі де қазандыққа соғылып жарақат көп алып жатады. Алдағы негізгі қарсыласымыз әрине Қырғызстан командасы. Олармен ойынымыз бүгінгі ойыннан өзгеше болады деп ойлаймын», – дейді көк бөріден ҚР құрамасының капитаны Асқар Оңғарбаев.

Көк бөрі – Қырғыз халқының жауынгерлік ат спорты өнері. Бұл ойынға білекті де жүректі жігіттер менбелді аттар іріктеледі. Жеңіске жету үшін де тұлпар мен спортшының бірлесіп әрекет еткені аса маңызды. Серкені жерден алып үлгерген шабандоз доданы жарып өтіп, оны қарсылас команданың қазандығына салуы керек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: