Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 12:57

Антына адал Айжан

16.07.2024

101

0

Денсаулық – кез келген адам үшін баға жетпес байлық. Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Себебі дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек. Сол мықтылардың бірі – бүгінгі кейіпкеріміз Айжан Алтынбекқызы.

Кішкентайынан фонендоскоппен жү­регін тыңдап, хирургиялық ойын­шық­тармен ойнап өскен Айжан қазір өзінің бала кездегі арманын орындап, ауданның белгілі жас медби­келерінің қатарында. Еңбек еткеніне небәрі 6 жыл болса да емха­наға барған науқастардың із­деп тұратыны әр­да­йым алғыс ар­қалап жүретін ақ ха­латтылардың қатарынан екенін аңғартты. Оны біз бүгін медбикемен сұхбаттасу барысында байқадық. Шұғыл түрде жедел жәрдеммен ау­ру­ханаға жеткізілген науқастардың біразы Айжан Алтын­бек­қызын та­нып, соның тексеруін өтін­гені де болды. Бұл жас та болса беделінің жоғары екенін аңғартты.
– Кішкентайымнан әпкеммен бірге көптеген медициналық кітаптар­ды қызық көріп қарайтынбыз. Терапия, микробиология, медициналық энци­клопедия кітаптарын ашып қойып, жазуларын түсінбесек те, сурет­те­рінің өзі мен қатты еліктіріп, қызық­ты­ратын. Кейін мектепке барып оқи бастағаннан дәрігер бо­ла­мын деп шешім қабылдадым. Бұл ойыма ата-анам да қуанды. Маған ауырып тұрған науқастарға көмек беріп, олардың көз алдымда жазы­лып кеткені қуаныш сыйлайды. Бұл мамандықтың иесі болу – екі­нің бірінің қолынан келмейтін іс. Ол үшін адамда өзінің бойында осы ма­ман­дыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенімділігі болуы қа­жет. Ең бастысы, еңбекке қабілетті, зейінді болуы тиіс. Адам өмірімен тікелей байланысты болғандықтан, ме­дицина қызметкері болу үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілік деп білемін, – дейді кейіпкеріміз.
Расымен ақхалатты абзал жан болу үшін адамға ең әуелі өз-өзіне деген сенімділік керек. Кейіпкеріміз Айжан ханымнан міне, осы қасиетті бай­қадық. Кішкентайынан дәрігер боламын деп нақты мақсатқа ұмтылған ол қазір өзіне сенімді, ортасында сыйлы.
Қандай мамандық иесі бол­саң да, өзіңнің өскен ортаңа үлес қоса алатындай болуың шарт. Мед­бике ханым да өзінің өскен ор­тасына көмек беріп, әрбір науқас­тың жазылуына үлес қосып жатқан­ына қуанатынын айтады.
Қазіргі таңда қабылдау бөлімінде медбике болып қызмет атқаратын кейіпкеріміз жан-жақты көрінеді. Ky­zyl­orda Busness HUB жобасына қа­ты­сып, облыстық деңгейден ІІІ орын иеленіп, облыс әкімінің мара­патына ие болған. Одан бөлек аудан әкімінің, бас дәрігердеің, «Аmanat» партиясының алғыс хатымен мара­пат­талған.
– Медицина саласын таңдамас бұрын медицинаның барлық қырын ой елегінен өткізіп, осы ма­ман­дықтың оң, теріс жақтарын қа­рас­тырған дұрыс. Мейіргерлерге қойы­латын жауапкершілік өте көп. Айтар едім, жақсы дәрігер болу үшін ең алдымен жауапкершілік болу ке­рек. Медицинаның атасы Гип­по­к­раттың айтқанындай, мейіргердің жүзі жылы, ұқыпты, киімі таза, қолы жұмсақ, жағымды болуы керек. Мейір­гер болу оқумен ғана шек­тел­мейді, мейіргер болу – өнер, – дейді Айжан Елеусінова.
Қиналғанда көмек сұрап, ауыр­ғанда шипа іздеп алдына барған кез келген науқасқа қолдау көрсететін, өміріне қауіп төнген сәтте араша түсіп, тіпті кейде екінші рет өмір сыйлап жататын ақжелеңді абзал жан­дардың жұмысы осындай. Олар – денсаулық сақтау саласында аян­бай тер төгіп, ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп қана қоймай, халықтың ықыласына бөленген мейі­рімді жандар.
Шынында дәрігер болу – үлкен мәртебе. Бүгінгі кейіп­керімізбен сұх­бат барыснда қан­дай мәртебелі мамандық екенін түсіндік. Бір дә­рігер шұғыл түскен науқастың дем алуына көмектесуде, бірі отаға дайындауда, енді бірі қан алып, анализ қоры­тындысын дайын­дауда. Әрине, ма­ман­дықтың бәрі жақсы, дегенмен дә­рігер болу қиын болса да, абыройлы да қастерлі жағы көп.

Ақнұр БОЛАТҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: