Апостиль – бұл басқа елдегі кез келген ресми құжаттың түпнұсқалығын растайтын арнайы мөр. Бұл жоғары білім туралы диплом, туу тарыл куәлік, неке туралы куәлік немесе мұрағаттан алынған көшірмелер және басқада құжаттар болуы мүмкін.
Апостиль-құжатқа қол қойған тұлғаның қолының және өкілеттіктерін растайтын, сонымен қатар осы құжатта бекітілген мөр немесе мөртабанның түпнұсқалығын қағаз түрінде немесе электрондық нысанда куәландыратын арнайы мөртаңба болып табылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы қағаз тасығышта не электрондық үкіметтің веб-порталы «www.egov.kz» арқылы электронды түрде не Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі арқылы апостиль қоюға өтінішті «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бірге береді.
Мемлкеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижелерін сондай ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзгеде мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбеде берілген.
А. АЛТЫНБАЕВ,
Жалағаш аудандық сотының Әкімші басшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!