
Спорт күні қарсаңында бүгін Аққыр ауылдық округінде заманауи спорт кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Ардақ Ибраимовпен бірге, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім, мәдениет және спорт саласындағы бағдарламалар мен жобаларды басқару орталығының жобалау менеджері Ұланбек Нұрманов арнайы қатысып, тұрғындарды қуанышты жаңалықпен құттықтады.
Айта кетейік, 2024 жылы облыс әкімінің қолдауымен және «Қазақстан халқына» қорының қаржыландыруымен ауыл жастарының спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңа спорт нысанының құрылысы басталған болатын.
Құрылыс жұмыстарын «АИРСтройМонтаж» ЖШС жүргізді.
Ашылу рәсіміне зиялы қауым өкілдері, спорт саласының ардагерлері, спортшы жастар, ауыл тұрғындары және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты.
Ауыл тұрғындары елді мекенде осындай заманауи спорттық инфрақұрылымның салынғанына ризашылық білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Жаңа нысанның салтанатты ашылу рәсімінен соң спорт кешенінде спорттық жарыстар ұйымдастырылып, палуандар боз кілемде өзара бақ сынасты.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!