Арал ауданында «Ғасырлар тоғысындағы дарабоздар» шарасы аясында Ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі Жанқожа Нұрмұхаммедұлының туғанына 250 жыл толу мерейтойына арналған «Ел қорғаны Жанқожа» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтуде.
Конференцияға облыс әкімінің орынбасары Ш.Байманов, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Кәрібаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филилогия факультеті, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты С.Қосанов, журналист, филология ғылымдарының кандидаты Н.Көбегенұлы, тарихшы-өлкетанушы Б.Қуатов, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары қатысуда.
Ғылыми-танымдық шараны облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Асқарұлы ашты. Сонымен қатар «Қазақ тарихындағы батырлар институты және Жанқожа батыр» тақырыбында Берекет Бақытжанұлы, «Жанқожа батыр» жырының нұсқалары туралы» Серікбай Қылышбайұлы, «Бекмырза – Жанқожа батыр серігі» тақырыбында Болат Қуатов баяндама жасаса, «Жанқожа батыр туралы тарихи өлең жырлардың жаңғырығы және өміршеңдігі» жөнінде Нұржан Көбегенұлы сөз қозғайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!