Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жексенбі, 24 қараша, 05:13

Армян көлігі: Тіркеу бойынша жадынама

12.03.2021

547

0

Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген және 2020 жылғы 1 ақпанға дейін Қазақстан Республикасына әкелінген басқару органдары оң жақтан сол жақтан ауыстырылған (бұдан әрі – басқару органдарын ауыстыру) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді, техникалық байқау нысанында пайдаланудағы көлік құралдарына қойылатын талаптардың орындалуын кейінгі тексерумен жүргізу қажет. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі ҚР СТ 1418-2018 ұлттық стандартына түзетулер енгізді.

Көлік иесі техникалық байқаудан өту кезінде көлік құралы құрылымының қауіпсіздігін тексеру хаттамасын аккредиттелген сынақ зертханалары Бере отырып, басқару органдарын жүргізілген көшіру бөлігінде ғана көлік құралының қауіпсіздігін бағалау рәсімінен өте алады. Осылайша, автомобильді тіркеу кезінде КҚҚҚК ұсыну қажеттілігі алынып тасталады.

Көлік құралының құрылымының қауіпсіздігін сәтті тексеру үшін:

– басқару органдарының сол жақ орналасуымен ұқсас көлік құралын дайындаушы көздеген тежегіш жүйесінің, меңгерік басқарудың тораптары мен бөлшектерін олардың құрылымын өзгертпей (зауытта дайындалған) қолдану;

– борттық диагностика жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету (диагностикалық сканерді автомобильдегі тиісті коннекторға қосу мүмкіндігі) және автомобиль қауіпсіздігі жүйелеріндегі ақаулар туралы куәландыратын қателердің болмауы;

– тежегіш жүйесінің тораптары мен бөлшектерін (тежегіш басқышын вакуумдық күшейткішпен, басты тежегіш цилиндрімен байланыстыратын басқыш торап және тораптар) және меңгерікпен басқаруды (жетек бөлшектерінде дәнекерлеу іздері, меңгерікпен басқаруды бөлшектері құрылымының және олардың бекітілуі) қолдан жасалған өзгерістерге жол бермеу;

– шанақ қаңқасының бүтіндігінің бұзылуына жол бермеу (мотор қалқаны, меңгерік бағанды бекітуге арналған көлденең арқалық және т. б.);

– жүргізуші орындығының, оның реттеулерінің, сондай-ақ қауіпсіздік белдіктері мен олардың бекітпелерінің басқару органдарының сол жақ орналасуымен ұқсас автомобильге сәйкестігін қамтамасыз ету;

– жел әйнегін тазалау аймағында көрінуді қамтамасыз ету үшін басқару органдары сол жақта орналасқан автомобильден ұқсас шыны тазалағыш торабын (мотор редукторы, рычаг жүйесі бар трапеция) ауыстыруды және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

– басқару органдарының сол жақ орналасуымен ұқсас – автомобиль үшін көзделген сәйкес жүргізушінің артқы көрініс айналарының қалпын және әйнек көтергіштерін басқаруға қолжеткізуін қамтамасыз ету;

– жылыту, желдету және ауа баптау жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасы зету;

– оң жақ қозғалыс жағдайлары үшін жақын жарық фараларын ауыстыруды және оларды реттеуді қамтамасыз ету қажет.

Қазіргі уақытта Аккредиттеу субъектілерінің ұлттық тізілімінде 1418-2018 ҚР СТ талаптарына сәйкес басқару органдары оңнан солға ауыстырылған автомобильдерге техникалық сараптама жүргізуге аккредиттелген сынақ зертханалары тіркелген:

1. «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Қостанай филиалы (Қостанай қ.)

2. «Ғылыми-Зерттеу Орталығы Алматы-Стандарт» ЖШС (Алматы қ.).

3. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы (Петропавл қ.).

4. «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Батыс Қазақстан филиалы (Орал қ.).

5. «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Атырау филиалы (Атырау қ.).

6. «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Ақтөбе филиалы (Ақтөбе қ.).

Басқару органдары оң жақта орналасқан автомобильдерді тіркеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасында КО ТР 018/2011 сәйкес М және N санаттарындағы меңгерік басқару оң жақта орналасқан көлік құралдарын айналымға шығаруға тыйым салынатынын атап өткен жөн, ал «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында Жолдарда жүруге және олармен адамдарды немесе жүктерді тасымалдауға арналған, жүргізу органдары оң жақта орналасқан көлік құралдарын бастапқы тіркеуге тыйым салынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: