Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

9°C

, Дүйсенбі, 24 қараша, 18:01

“Ассамблея аруы – 2025” Бас жүлде иегері – Лидия Мясцова

22.11.2025

3

0

Облыстық «Ассамблея аруы – 2025» сұлулық байқауында 100 000 теңге көлеміндегі бас жүлдені Сырдария ауданының өкілі, славяне этносының белсендісі Лидия Мясцова жеңіп алды.

Лидия – өнерлі, ибалы, ұлттық құндылықтарды терең қадірлейтін, қазақтың салт-дәстүрін жақсы білетін жас. Оның сахнадағы мәдениеттілігі мен өзіндік болмысы көрермен жүрегінен ерекше орын алды.

Абайдың әндерін шынайы орындауымен танылған Лидия байқау барысында дауыс тазалығы мен орындаушылық шеберлігін жоғары деңгейде көрсетті. Қазақ классикасын үлкен сүйіспеншілікпен жеткізе білуі оның рухани дүниесінің байлығын айқын танытты.

Лидия Мясцова – этнос жастары арасындағы тілге құрметтің, бірлікке адалдықтың, мәдениетке жанашырлықтың жарқын үлгісі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: