Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Жексенбі, 07 шiлде, 05:06

Астанаға 16 елдің басшысы келді – ШЫҰ саммиті басталды

04.07.2024

190

0

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті ашылды, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі.

Ұйымға тағы бір мемлекет қабылданады

Биылғы саммит алғаш рет жаңа «ШЫҰ+» форматында ұйымдастырылып отыр. Оған сәйкес, ұйымның жоғарғы органы – ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысынан бөлек, бақылаушы және серіктес мәртебесін алған мемлекет басшыларымен кездесу өтеді.

Астанадағы саммитте Беларусь ресми түрде Шанхай ынтымақтастық ұйымына қабылданады деп жоспарланған. Осылайша, ұйымға мүше елдердің саны 10-ға жетеді. Олар: Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан мен Беларусь. Ал «ШЫҰ+» кездесуіне Қатар, Моңғолия, БАӘ, Түрікменстан, Түркия және Әзербайжанның басшылары келді.

Самитте қабылданатын құжаттар

Отырыс барысында мемлекет басшылары сөз сөйлеп, ШЫҰ-ның бас хатшысы Чжан Мин мен ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының атқарушы комитетінің директоры Руслан Мирзаевтың баяндамасы тыңдалады.

Бұдан бөлек, ШЫҰ бас хатшысы Чжан Мин, ТМД бас хатшысы Сергей Лебедев, ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев, БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш, ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов сөз сөйлейді.

Кездесуге қатысушылар күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасады. Ұйымды одан әрі нығайту, саясат, қауіпсіздік, экономика, гуманитарлық байланыстар салаларындағы ынтымақтастықты ілгерілету мәселелерін қарастырады деп жоспарланып отыр.

Ұйымға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысы бойынша 24 бірлескен құжатқа қойылады. Ал ең басты құжат – мемлекет басшылары кеңесінің қорытынды Астана декларациясы.

Мемлекет басшыларының үш мәлімдемесі жарияланады. Соның ішінде Қазақстанның «Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік» бастамасы да бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: