Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

11°C

, Сенбі, 28 қыркүйек, 04:22

Ат спорты – ата-баба аманаты

09.08.2024

332

0

Бүгін «АMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы мен «Дарын» бастауыш партия ұйымының ұйымдастырумен Ақтерек тынығу лагерінде «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында 15 тамыз – Спорт күні мерекесіне орай «Ат спорты – ата-баба аманаты» атты танымдық кездесу болып өтті.

Шараны «АMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұрынқызы ашып, жас өскелең ұрпаққа Ат спортының қыр-сырын ұғындыру, тәсілдерін көрсету, ат спортымен айналысып жүрген аға буын өкілдерімен таныстырып, жастардың ат спортына қызығушылықтарын ояту екендігін айтып өтті.

Сөз алған «Дарын» бастауыш партия ұйымының төрағасы, аудандық білім бөлімінің басшысы Садықов Талғат Құрақбайұлы шараның маңыздылығына тоқталып, жас жеткіншіктерге берер тәлім-тәрбиесінің мол екендігін жеткізіп, қатысушыларға ризашылығын білдірді.

Аққұм, Бұқарбай батыр, М.Шәменов, Мәдениет, Т.Жүргенов ауылдарынан арнайы келіп қатысқан аға буын шабандоздар ат баптаудың қыр-сырымен, ат спортының қызықшылықтары туралы өз ойларымен бөлісіп, теңге алу, аударыспақ ойындардың тәсілдерін көрсетіп, оқушыларды атқа отыруды үйретті. Әсіресе М.Шәменов ауылынан келген Есмағанбетов Ербол мен Қорғанбеков Әуелбек балаларға атқа мінуді үйретуден алдарына жан салмады.

Шара соңында «Дарын» бастауыш партия ұйымының нысаналы трансферт қаржысы есебінен «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Алғыс хаттарымен заттай сйлықтары табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: