Синоптиктер 24 қаңтарда Қазақстан аумағында болатын синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылысының болжамын жариялады, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады, сондықтан тұрақсыз ауа райы сақталады.
Синоптиктер елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар жауады деп болжап отыр. Қазақстанның басқа аймақтарында тұман, жел күшейіп, бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыста, оңтүстікте және орталықта көктайғақ болуы мүмкін.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!