Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Сәрсенбі, 18 желтоқсан, 09:37

Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

16.12.2024

116

0

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Биыл еліміздің өз тарихындағы ең маңызды белесті бағындырғанына, ата-баба арманының ақиқатқа айналғанына 33 жыл толды.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Шын мәнінде, Тәуелсіздік – бәрінен қымбат. Тәуелсіздікті сақтау бұл – ең алдымен, тұтас ұлттың жауапкершілігі. Біз егемендікті тынымсыз еңбекпен, мызғымас бірлікпен күн сайын қорғауымыз керек» деген сөзін Жалағаш ауданының еңбекқор халқы әрдайым назарда ұстап келеді.

Тәуелсіздік – қазақ халқы үшін қасиетті ұғым. Тәуелсіз мемлекет болу қай халықтың да болсын арманы. Алайда сол асқақ арман-мұраттарға жете алмай келе жатқан елдер жетерлік. Қазақ халқының талайлы тағдырын, ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолын зерделеген адам азаттық, теңдік, бостандық ұғымдарының қаншалықты қымбат екенін түсінеді. Көптеген елдердің егемендік алуы жолында талай көтеріліс пен қантөгістерге барып, күйзелістерге ұшырағаны тарихтан белгілі.
Тарих-тағдыр қазақ халқының маңдайына бұйыртқан сындарлы кезеңдер қазақ халқын ширатып, шыңдады. Ширығып, шыныққан ел мәңгі жасай бермек.

Тәуелсіз Қазақстан – ең алдымен қазақ халқының мәдениетіне, рухани дамуына, оның салт-дәстүріне кең өрістің ашылуы. Бүкіл әлемдік қауымдастыққа қадам басып, өркениетті ел, іргелі мемлекет орнатуға бет бұрған республикамыздағы ауқымды шаралар Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстардың бірлігінің арқасында ғана жүзеге асуда.

Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің ең басты құндылығымыз. Еліміздегі осындай бірлікке сызат түсірмеу – әрбір қазақстандық азаматтың міндеті және парызы.

Тәуелсіздік күні мерекесі құтты болсын, әрбір шаңырақта береке, бірлік болсын!

Құрметпен, аудан әкімі Ардақ Ибраимов!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: