Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-0°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 07:42

Аудан әкімі бірқатар мекемелердің жай-күйімен танысты

03.05.2024

548

0

Жалағаш кентінде орналасқан «Отбасын қолдау орталығы» және «Жалағаш қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне пайдалануға берілген ғимараттардың бүгінгі ахуалына мониторинг жүргізілді.

Аудан үшін маңызға ие мекемелердің жұмысымен танысқан Ардақ Ибраимов, ғимараттарда тұрғындарға арналған қолайлы жағдайды қамтамасыз етуді тапсырды.

«Жалағаш қызмет» мекемесі Жалағаш кенті келбетін көркейтуде белсенді жұмыс жасайтын болады.

Сондай-ақ, аудан әкімі орталық стадионға барды. Аудан тұрғындарын бұқаралық спортқа баулуда маңызды рөлге ие спорттық алаң күрделі жөндеуді қажет ететінін айтты.

Спорттық нысанды күрделі жөндеуден өткізу жолдарын жан-жақты зерттеп, ұсыныс беруді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: