Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 00:23

Аудан әкімінің орынбасары фракция отырысында сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша есеп берді

22.08.2024

223

0

Бүгін Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өткізілді. Аталған отырыста фракция жетекшісі Гүлзат Құрманбаева төрағалық жасап, күн тәртібін 2 мәселе қарады.

Күн тәртібіне қойылған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасының «Инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту» бағытының орындалуы туралы Жалағаш ауданы әкмінің орынбасары Байнахатов Әліби хабарлама жасады.

Аудан бойынша есепті мерзімге 14 561 шаршы метр болатын 90 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3 пайызға артты.

Биылғы жылы аудандық бюджеттен 29,9 млн теңге қаржы бөлініп, Жалағаш кентінде және Ақсу, Жаңаталап, Мәдениет елді мекендерінде балалар ойын алаңдарын салу және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры есебінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 100 тұрғын үй сатып алуға 1 484,6 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлер арқылы аудан орталығынан тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жалағаш ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 240,9 шақырымды құрайды.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 113,7 шақырымы немесе 87,3% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, 16,6 шақырымы немесе 12,7% қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Халықты таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету-басты назарда тұрған міндеттердің бірі.
Бүгінде аудан халқының 45,1 пайызы көгілдір отынның игілігін көріп отыр.

2023 жылы бастау алған Ақсу, М.Шәменов елді мекендерін газдандыру жұмыстары қазіргі таңда қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күні мердігер мекеме құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде, қыркүйек айында аяқталып, жылу беру маусымына дейін іске қосу жоспарлануда.

Жалағаш ауданы бойынша электр желілерінің жалпы ұзындығы 457,5 шақырым, электр жүйелерінің орташа тозу деңгейі 45,2 пайызды құрайды.

Биылғы жылы Мырзабай ахун, Т.Жүргенов, Есет батыр елді мекендерінің электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына республикалық бюджеттен 922,0 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жыл аяғына дейін толық пайдалануға беріледі.

Аталған жобалар толық іске қосылғанда аудан бойынша электр жүйесінің тозу деңгейі 32,5 пайызға төмендейтін болады – деді Әліби Байнахатов.

Күн тәртібіне қойылған келесі мәселе бойынша Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Еркебұлан Мақсұтов хабарлама жасап, №3 Сәрке батыр сайлау округі бойынша атқарған жұмыстарына есеп берді. Сайлаушылармен кездесу, жолданған депутаттық сауалдар, қоғамдық қабылдау, партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы шеңберінде фракция алдында есеп берді.

Фракция отырысына қатысқан аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасы тармақтарының сапалы орындалуымен депутаттардың жұмыстарын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: