Партия алаңында Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өткізілді. Аталған отырыста фракция жетекшісі Гүлзат Құрманбаева төрағалық жасап, күн тәртібінде 3 мәселе қарады.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру барысы туралы Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Нұрмағанбетов Арнұр Әлібекұлы хабарлама жасады.
«Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2023 жылы «Байқоңыр ӘКК» АҚ арқылы өндіріс, асыл тұқымды мал шаруашылығы, қызмет көрсету, өсімдік шаруашылығы бағыттарында 179,7 млн. теңгені құрайтын 22 жоба қаржыландырылып, жаңадан 33 жұмыс орны құрылды (ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі арқылы 3 жоба 47,5 млн. теңге. Жеке кәсіпкерлер арқылы 19 жоба 132,2 млн. теңге).
Биылғы жылға «Ауыл Аманаты» жобасы аясында облыстан ауданға 318,3 млн. теңгені құрайтын 49 жобаның қаржыландыруға меже бекітіліп берілді.
«Ауыл Аманаты» жобасының тиімділігін арттыру және несие алушылардың құжаттарын жинақтау мерзімін үнемдеу мақсатында «Ауыл Аманаты» цифрлық патформасы құрылды.
Бүгінгі күнге, аудан бойынша«Байқоңыр ӘКК» ҰҚ» АҚ арқылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында қаржылық қолдауға ие болу үшін әр-түрлі бағыттар бойынша құжаты толық 139,7 млн. теңгені құрайтын 27 жоба(өңдеу бағыты бойынша 7 жоба 33,3 млн.теңге, асыл тұқымды мал бағыты 8 жоба 41,1 млн.теңге, басқа да бағыты бойынша 12 жоба 65,3 млн. теңге)«Ауыл Аманаты» цифрлық патформасына енгізілді. Бұдан бөлек аудан бойынша қосымша 120,1 млн. теңгені құрайтын 20жобаның құжаттары жинақталуда.«Ауыл Аманаты» жобасы бойынша жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады деді Арнұр Нұрмағанбетов.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе халықтың әлеуметтік тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталған шаралар туралы Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Құрақбаев Мейірбек хабарлама жасап, аудандағы халықтың әлеуметтік тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталған шаралар туралы баяндады.
Фракция отырысының күн тәртібіндегі соңғы мәселе Халық тұтынатын тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бойынша атқарылған шаралар туралы Жалағаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Аймбетова Гүлзираш хабарлама жасады.
Фракция мүшелері тарапынан «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылуы туралы бірқатар сауалдарын жолдап, ұсыныстарын берді. Ұсыныстардың орындалуы депутаттық фракция назарында болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!