Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жексенбі, 24 қараша, 06:48

«БЕЙБІТ АТОМ – БЕРЕКЕ, БІРЛІК, БОЛАШАҚ!» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

13.09.2024

552

0

Бүгін Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Бейбіт атом – береке, бірлік, болашақ!» тақырыбында танымдық конференция өтті.

Танымдық конференцияны аудандық мәслихаттың төрағасы Елеусінов Өмірзақ Тұрымбетұлы жүргізді. Жиынға кент тұрғындары, белгілі зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары мен сала мамандары және ерікті жастар қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты кезекті Жолдауында қазіргі әлемде энергия тапшылығының күшейіп бара жатқанын ескере отырып, атом энергетикасын дамытуға баса мән беру керектігін айтқан болатын. Энергетик мамандар АЭС – ең арзан әрі қоршаған ортаға зиянсыз технология екенін жеткізуде. Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биыл 6 қазанда өтеді.

Конференцияда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Айқын Жақсылықова, №38 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Бақытжан Қырғызбай, Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі Айдана Қонарбай баяндама жасап, АЭС технологиялардың қауіпсіздігі мен артықшылығы туралы мазмұнды ой-пікірлерін ортаға салды.

Елімізге АЭС салу мәселесі бір жыл көлемінде қоғамда ашық талқыланды. Түрлі сарапшылар АЭС не үшін керек және мұның жылу, жел және су станцияларынан артықшылығы қандай деген сауалға жауап іздеді. Бүгінде Қазақстандағы жылу, жел, күн, су және биогаз электр стансасынан өндірілетін электр энергиясы болашақта қоғам сұранысын толық қанағаттандыруға қауқарсыз. Себеп, жыл санап сұраныс артып келеді, салдарынан энергия тапшылығы сезіле бастады.

Яғни, ғалымдар 10 жылда ел тұрғындарының 30 пайызы жарықсыз қалуы мүмкін дейді. Өйткені біздегі бар стансалардан өндірілетін энергия көзі тұрақты емес. Экономиканы ілгерлету үшін Қазақстанға тұрақты энергия көзі қажет. Мамандардың айтуынша, оны тек Атом электр стансасы қамтамасыз ете алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: