Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-6°C

, Сәрсенбі, 08 қаңтар, 02:51

Биыл 600 мың қазақстандықтың жалақысы 20 пайызға өседі

06.01.2025

84

0

2025 жылы Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің жекелеген санаттарының жалақысы 20 пайызға өседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жалақыны көтеру келесі мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық мемлекеттік қызметкерге әсер етеді:

Бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы көбейеді. Жалпы, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге ұлғаяды, – деп хабарлайды министрлік.

Мәселен, сарапшылар 2022-2025 жылдар аралығында мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге өсетінін түсіндірді.

Сонымен қатар 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық Банк айқындаған инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінің мөлшері 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақылар – 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға жоғары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: