Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:41

Бизнесті дамытудың проблемалық мәселелері қаралды

10.08.2023

281

0

Биыл 1 тамызда «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті бірлескен отырысы өтті.

Отырысқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Е.А.Мақажанов, өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры П.А.Сыздықов, облыстық Экономикалық тергеп-тексеру  департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшыларымен, өңірдің кәсіпкерлік және ірі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында кәсіпкерлер мемлекеттік кірістер органдары бастамашылық ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы мәмілелерді жарамсыз деп тану, оның ішінде контрагенттердің қаржылық парасаттылығы мен мәдениетін тексеру мүмкіндігінің болмауы мәселелері қозғалды.

Талқылау нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің енгізілген ұсыныстарын ескеріліп, орталық уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті хат жолдау туралы шешім қабылданды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес бизнес өкілдерімен кері байланыс пен диалог орнатудың пәрменді тетігі болып табылады.

Сонымен қатар, бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарымен «Бизнеске жол» жобасын іске асырып жатқанын және өңірдің кәсіпкерлері Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, №156а мекенжайы бойынша орналасқан «Antikor Ortalygy» (Антикорорталығы) мекенжайына келіп, бизнеске мемлекеттік органдар тарапынан әкімшілік кедергілерді еңсеру мен жою және жәрдемдесу мәселелері бойынша аумақтық департаментке жүгіне алатынын хабарлаймыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: