Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

13°C

, Бейсенбі, 09 қазан, 20:57

Бокстан Қазақстан чемпионатына 371 спортшы қатысады

09.10.2025

14

0

14-21 қазан күндері Семейде бокстан ерлер және әйелдер арасында ел чемпионаты өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан чемпионы атану үшін еліміздің 20 өңірінен 371 боксшы бақ сынайды. Оның ішінде 246 ер, 125 әйел былғары қолғап шебері бар. 

Ел біріншілігі World Boxing ұйымының салмақ дәрежелері бойынша ұйымдастырылады. 

«Осы чемпионатта 2026 жылға құрама бекітіп алуымыз керек. Себебі келер жылы 4 жылда бір келетін Азия чемпионаты өтеді. Маңызды жарысқа жақсы құрама жасақтауды мақсат етіп отырмыз. Қазақстан чемпионатына әлем біріншілігінен жүлделі болған кей спортшылар қатыспайды», деді Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов.

Ал жастар, жасөспірімдер арасындағы біріншіліктер қазан, қараша, желтоқсан айларында өтеді. 

Бокс бәсекесі Семейдегі Абай аренада өтеді. Арена бір мезетте 5000 көрерменді қабылдай алады. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: