Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 08:03

Дәрігерлік амбулатория құрылысына партиялық бақылау бекеті ашылды

30.07.2024

219

0

«AMANAT» партиясының бастамасымен еліміз бойынша партияның сайлауалды уәделердің орындалу барысын жүйелі бақылап отыру мақсатында салынып жатқан құрылыс нысандарына партиялық бекеттері ашылуда.

Бүгін Жалағаш ауданына қарасты Қаракеткен ауылдық округінен жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысына партиялық бақылау бекеті орналастырылды.

Партиялық бақылау бекетінің басты мақсаты – құрылыс сапасын, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, сондай-ақ жалақының уақытылы берілуін бақылау, мониторинг жұмыстарын жүргізіп отыру. Партиялық бақылау бекетінің жетекшісі болып аудандық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы Елеусінов Өмірзақ Тұрымбетұлы бекітілді.

Қаракеткен ауылдық дәрігерлік амбулатория құрылысын салуға республикалық бюджеттен 189,5 млн. теңге, облыстық бюджеттен 59,3 млн. теңге қаржы бөлініп, іргетасын қалау жұмыстары жүріп жатыр.

«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында қамтылған аталған құрылыс жұмыстарының уақытылы әрі сапалы аяқталуы аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясының назарында болады – деді «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева.

Аталған мониторинг жұмыстарына аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Асқарова Ханбибі, комиссия мүшесі Жүргенбаев Бақытбек қатысты.

#AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: