Орман өрті – абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағайдан да пайда болатын апат. Ол көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды.
Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді. Орманда зиянды жәндіктердің, ағаш ауруларының таралуына қолайлы жағдай туады.
Орман өрттері үлкен жылдамдықпен тарайды және жердің орасан аумағына зиянын тигізуі мүмкін. Ол кез келген жерде тұтанады. Табиғатты қорғауда орман шаруашылығы мекемесі қызметінің маңызы зор. Әрбір қорықшы өзіне бекітілген учаскесінде бақылауды күшейткен жағдайда өрттің шығуы да аз болар еді.
Тілсіз жаудың шығу себептері шаруашылық басшыларының, жеке азаматтардың көктем айларында егіске, бау-бақша егуге даярлық кезінде өртке қарсы ережелерді сақтамауынан болады. Атап айтатын болсақ, егін егетін жерлерді, су арналарын арам шөптерден тазарту үшін өртейді, отты сөндірмей бақылаусыз қалдырып кетеді. Соның салдарынан олар желдің әсерімен жан-жаққа жайылып, табиғатқа қыруар шығын әкеледі. Осындай жағдайларды болдырмау үшін шаруашылық басшылары дала жұмысына бөлінген адамдардың өртке қарсы ережелерді қатаң сақтауын талап етуі тиіс.
Аудандық төтенше
жағдайлар бөлімі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!