Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сенбі, 21 қыркүйек, 09:47

Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

20.10.2023

193

0

 15 қазаннан басталып, 28 қазанға дейін созылатын терең күз маусымы енді. Сенбі, жексенбіде Қазақстанда күн айтарлықтай салқындай бастайды, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Республиканың синоптикалық жағдайын Солтүстік Атлантика циклоны мен Скандинавиялық антициклон қалыптастырып, әртүрлі фазаларда жауын-шашын тудырады және күндізгі жылынуды шектейді.

Тек еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауып, таулы аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласады.

Еліміздің солтүстігінде және орталығында түнде -0-5 үсік жүреді, күндіз ауа температурасы +2+12 градусқа дейін жоғарылайды. Ал дүйсенбіде термометр -3 – + 5 градус көрсетеді.

Республиканың батысында, оңтүстігінде және шығысында салыстырмалы түрде жылы күн райы сақталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: