Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Сәрсенбі, 03 қыркүйек, 18:46

Енді банкоматтан карта иесі ғана ақша шеше алады: Қазақстанда банк карталарын пайдалану ережелері өзгерді

03.09.2025

10

0

 Қазақстанда банк карталарын пайдалану ережелері өзгерді, енді банкоматтан ақшаны карта иесі ғана шеше алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Тіпті жұбайы немесе жақын туыстары да ақша шеше алмайды. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді.

«Әйелі күйеуінің картасынан ақша ала алмай қалған жағдайлар тіркелді, бұл жаңа талаптарға байланысты», – деді Әбілқасымова.

Агенттік басшысы жаңа ережелердің алаяқтармен және карталарын қылмыскерлерге беретіндермен күресуге арналғанын атап өтті.

«Бұл карта пайдаланушысының өзі екендігін тексеру және картаны пайдалану талаптарының қатаңдатылуымен байланысты. Жалпы алғанда, төлем картасын сол карта шығарылған адамның қолданатынын тексеру дұрыс бастама», – дейді Мадина Әбілқасымова.

Оның айтуынша, бұл тәсіл қаржыға заңсыз қол жеткізу қаупін азайтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: