Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:51

Енді қымбат көлігі барлар көп салық төлейді

29.10.2023

305

0

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенатта өткен Салық кодексіне арналған Үкімет сағатында мәлімдеді.

Бұдан басқа ЕАЭО шеңберінде келісімдерді іске асыру үшін темекі өнімдеріне акциздер мөлшерлемелерін кезең-кезеңмен арттыру ұсынылады. Сондай-ақ «сән-салтанат» заттарына қосымша акциз енгізу мәселесі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді министр.

Сондай-ақ құнының 10% мөлшерінде қымбат тұратын алкоголь және темекі өнімдеріне акциздер енгізу ұсынылады.

Оның сөзінше, мүлікке салық салудың жаңа тәсілдері ұсынылып отыр.

Біріншіден, яхталарға, жеке ұшақтарға салық мөлшерлемелерін арттыру. Бұған ауыл шаруашылығында қолданылатын ұшақтар жатпайды. Екіншіден, барлық ЖТ объектілерінің жиынтық құны 130 мың АЕК шегінен асқан жағдайда салықтың жоғары мөлшерлемелерін белгілеу ұсынылады. Бұдан басқа, қымбат жылжымайтын мүлік объектілері үшін «сән-салтанат коэффициентін» белгілеу бойынша ЖАО құзыретін белгілеу ұсынылады, – деді Әлібек Қуантыров Сенатта.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: