Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Сәрсенбі, 02 сәуiр, 20:55

Енді жолдан өтуге кедергі келтіріп тұрған көлік иесіне хабарлама жіберуге болады

01.04.2025

154

0

Елімізде көлік иелеріне арналған жаңа цифрлық қызмет іске қосылды, – деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі.

Елімізде көлік иелеріне хабарлама жіберу үшін жаңа цифрлық қызмет іске қосылды. Бұл туралы Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, бұл жалпыға ортақ жолдарда қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.

«Егер терезесі ашық қалған немесе өтуге кедергі келтіріп тұрған көлікті байқасаңыз, мемлекеттік нөмірді теріп, қажет тетікті таңдасаңыз жеткілікті. Көлік иесіне анонимді хабарлама жіберіледі. Бұл сервис өзара көмектесудің әрі азаматтық жауапкершіліктің құралына айналады деп сенеміз», – деді Жаслан Мәдиев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: