Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сәрсенбі, 27 қараша, 09:33

Ең бастысы – ағайынның амандығы

06.04.2024

464

0

Апат айтып келмейді. Адамзат қаншама ғылыми жетістіктерге жеткенімен, табиғи апатқа қарсы тұра алмауда. Еліміз бүгінде ауыр табиғи апатпен күресуде. Мұндай жағдай 80 жылдан бері болмаған екен. Су басқан өңірлердегі ағайын-бауырларымыздың әрине өміріне алаңдаулымыз. Рамазан айында Құдайдан амандық сұрап, еліміздің тілсіз жауды тұсап, ауыздықтауын дұға етеміз.

Ел басына күн туған уақытта Мемлекет басшысы халықпен бірген екенін көрсетті. Бүгінгі Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі сескенген, алаңдаулы халыққа сенім ұялатқандай болды. Үндеуді біраз нәрсе айтылды.

Үкімет нақты тапсырма жүктеп, құтқару жұмыстарын тікелей өзінің бақылауына алды. Иә, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, ең бастысы ағайынның амандығы емес пе? Сондықтан алдағы уақытта да олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Міне, Президенттің де айтқысы келгені осы деп түсіндім.

Нұржан Амандық,

Аудандық жастар ресурстық орталығының директоры

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: