Қаракеткен ауылының тұрғыны 78 жастағы Қайырқұл Боданов, Далдабай ауылындағы 74 жастағы Кеңескүл Акимова таңмен таласа саяси науқанда өз таңдауларын жасауға тиісті сайлау учаскелеріне асығып келді. Қарт сайлаушылар әр азамат ел ертеңі, береке-бірлігі мен ауыл тұрғындарының өрісті өмірі үшін дауыс беруге мүдделі екенін жеткізді. Осынша жасқа келсе де елге ортақ науқанда төбе көрсеткен қарт сайлаушылар сайлау өз дәрежесінде өтетініне сенім білдіріп, ақ батасын берді.
– Сайлау жалпы жай қарайтын дүние емес, мұның түбінде елдің аймақтың, ауданның, ауыдың болашағы тұр. Себебі ауылда жұмыс болса, аудан дамиды, өңір өркендейді, елдің екінші тынысы ашылады. Сондықтан сайлауда біз белсенді болуға тиіспіз, әсіресе жастар осыған мән беру керек, бүгінгі сайлауда белсенді болуымыздың да себебі осы. Жастарға үлгі болу мақсатында өзіміз келіп дауыс бердік. Жалпы осыған дейінгі кез келген саяси науқаннан шет қалған емеспін. Себебі сайлаудың мән-маңызын өзім жақсы білемін. Бүгін де ерте келіп өз таңдауымды жасадым. Себебі ауылдың болашағы мен үшін бәрінен маңызды, – дейді Кеңескүл әжеміз.
«ЖЖ» ақпарат


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!