Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

34°C

, Сейсенбі, 08 шiлде, 18:25

Халықаралық форумға қатысушылар Қызылорда қаласындағы нысандарды аралады

08.07.2025

14

0

Кеше «Ұлттық Урбан Форумы – 2025 Қызылорда» халықаралық форумына қатысушылар қаладағы маңызды нысандарды аралады. Қонақтарға алдымен жаңғыртудан өткен инфрақұрылым нысандары таныстырылды.

Қаланың орталық алаңы өткен жылы жаңа да көрікті келбетке ие болған еді. Алаңға жаңа субұрқақтар орнатылып, газон мен көпжылдық жасыл көшеттер отырғызылды. Сонымен қатар, шағын архитектуралық пішіндемелер, жаңа үлгідегі орындықтар мен жарық бағаналары, балаларға арналған ойын алаңы құрылды.

Келесі нысандар – қалалық мәдени-демалыс саябағы және Тәуелсіздік даңғылы. Форум қатысушылары Сырдария өзенінің жағдайын көрді. Өткен жылдан бері Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі аралықтағы 6,7 шақырымдық даңғыл бойында қызу жұмыс басталған болатын. Сырдария өзенінің қорғаныш бөгетін нығайту да қатар жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 6 млрд 656 млн теңге, қажетті қаржы толық бөлініп, қазіргі таңда оның 4 млрд теңгесі игерілді. Құрылыс жұмыстарын «УАД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқаруда. Қайта жаңғырту жұмыстары аясында жолдың негізі жаңартылып, асфальт төселді. Сырдария өзені бойындағы 1,4 шақырым қорғаныс бөгеті толықтай тазартылып, 1,4 шақырым тіреу қабырғасы тұрғызылды. Бұған қоса, бұрынғы екі жолақты жол төрт жолақты болып кеңейтіліп, ені 14 метрге дейін ұлғайтылды. Жол бойында 8 балалар ойын алаңы мен спорттық құрал-жабдықтар орнатылып, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасалды. Жағалау аймағы абаттандырылып, серуендеуге қолайлы инфрақұрылым орнатылды. Даңғыл тек инженерлік тұрғыдан ғана емес, эстетикалық жағынан да жаңарды. Жол жиегі түрлі-түсті бояулармен көмкеріліп, көз тартарлық суреттермен безендірілген.

Сол жағалаудағы жаңа стадион құрылысы да форум қатысушыларына таныстырылды. Қазір мұнда шығыс және батыс трибуналарының металл конструкциялары орнатылып, қабырғалар мен витраждар қаланған. Футбол алаңымен жабдықталып, аумағы абаттандырылуда.

1 Халықаралық форумға қатысушылар қызылорда қаласындағы нысандарды аралады.jpg

Одан бөлек, қонақтар физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернатына барды. Бұл оқу орны 400 орынға арналған. Лабораториялар, робототехника және STEAM кабинеттері бар. Мұнда физика, математика, информатика пәндері ағылшын тілінде тереңдетіліп оқытылады.

Форум қатысушылары «Үстел теннисі» орталығына, облыстық тарихи-өлкетану музейіне, шығармашылық-инновациялық академияға және «Анаға тағзым» орталығына да барды.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: