Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Жексенбі, 24 қараша, 11:37

ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ САЛЫНУЫ ЕЛІМІЗГЕ ЖАҚСЫ МҮМКІНДІК

09.09.2024

226

0

АЭС салудың қажеттілігі қандай? АЭС-ті салуда қандай пайдасы бар? Энергетикалық тұрақтылыққа қалай әсер етеді? Бұл туралы бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық Халықтық штаб өкілдері Аққыр ауылының тұрғындарымен кездесу барысында атап өтті.

Партия ардагерлері Сәлима Оспанова және Бейбітжан Шілдебаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәстүрлі Жолдауы туралы айтып, оның ішінде елімізге АЭС салудың маңыздылығына тоқталып өтті.

«Атом электр станциясы жобасы жаңа жұмыс орындарын ашып, станция орналасқан аймақта инфрақұрылымның дамуын ынталандырады. Атом энергетикасы ұзақ мерзімді перспективада электр энергиясының тұрақты бағасын қамтамасыз етеді»,- деді өз сөзінде Сәлима Оспанова.
Елімізде АЭС салынатын болса нарықтағы электр энергиясының тапшылығын өсіп келе жатқан қажеттіліктермен және тозуға байланысты азайып бара жатқан генерацияланған жабдықпен толтыру, электр энергиясының қалыптасқан тапшылығына байланысты тарифтердің сөзсіз өсуіне қарсы әрекет ету, көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станцияларының жоғары уыттылығына байланысты экологиялық жағдайды жақсарту және көршілес электр энергиясын жеткізушілерден еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету бойынша мүмкіндіктерін береді – деді партия ардагері Бейбітжан Шілдебаев.

Штаб мүшесі Дархан Ильясов қоғамдық санада радиациялық қауіп туралы стереотип сақталуда. Осы жерде айта кететін жәйт, радиациаланған ядролық отын қалдық емес, қайта өңдеу нәтижесінде пайдалы материалдардың 90 пайыздан астамын қайта пайдалануға болатынын атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: