Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 19 мамыр 2023 жылғы №102/НҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және өнеркәсібі министрлігі 18 мамыр 2023 ж №156 бірлескен бұйрығына сәйкес мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне зейнеткерлік жасқа толуына байланысты проактивті қызмет арқылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жоба 2023 жылы 1 маусымнан бастап іске асырылуда.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін екі айдан аз уақыт қалған қызметкер қажет болған жағдайда мемлекеттік органның және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының кадр қызметіне көрсетілген құжаттарды, HR ENBEK-ке енгізу үшін құжаттарды ұсынады. Кадр қызметінің қызметкері HR ENBEK-ке жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау үшін Алгоритмнің 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардан қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізеді.
Зейнетақы төлемдерін проактивті нысанда тағайындауға келісім беру мүмкіндігі туралы sms-хабарлама жіберіледі. Sms-хабарламаға жауапты күту мерзімі sms-хабарлама жіберілген сәттен бастап 3 жұмыс күнінен аспайды. Көрсетілетін қызметті алушыдан үш жұмыс күні ішінде жауап болмаған жағдайда, қызмет көрсету процесі проактивті нысанда аяқталады. 1414 нөмірі бойынша берілген sms-хабарламаға үлгіге сәйкес жауап жазылуы қажет.
Ш.САСЫКБАЕВА,
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік
корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы
бойынша филиалы Әлеуметтік қамсыздандыру
жөніндегі аудандық бөлімнің басшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!