Апостильдің Қазақстан Республикасында қолданылуы, Қазақстан Республикасында апостиль 1961 жылғы Гаага конвенциясына сәйкес қолданылады.
Апостиль – құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба. Оны қоятын адамдар – уәкілетті мемлекеттік органдардың апостиль қою жөніндегі функцияларды орындайтын лауазымды адамдары болып табылады.
Электрондық форматтағы апостиль берілген Portable Document Format (PDF) файылы түрінде уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе оны ауыстыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңба яғни ЭЦҚ қойылған ресми құжаттың электрондық немесе сканерленген көшірмесімен бірге қойылады. Апостиль қою үшін ұсынылған құжат электрондық түрде немесе құжаттың түпнұсқасын сканерлеу арқылы ұсынылады және ксерокөшірмелерден сканерлеуге жол берілмейді. Мөртаңба қою үшін ұсынылған құжат қағаз жеткізгіштегі құжатты сканерлеу арқылы түпнұсқаға дәл сәйкес келуге тиіс ол мәтінді түзетуге немесе өшіруге жол берілмейді. Лауазымды тұлға апостиль қоюға жататын электрондық құжатта Е-Апостиль ақпараттық жүйесі немесе Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві ақпараттық жүйесі арқылы электрондық апостиль қалыптастырады және Электрондық үкімет шлюзі арқылы уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңба қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін порталдағы өтініш берушінің «Жеке кабинетіне» жібереді. Электрондық апостиль портал арқылы уәкілетті мемлекеттік орган өтініш беру кезінде берген қорғаныс кодын қолдана отырып, жүктеп алу жолымен береді және мөртабанының астында мемлекеттік органның электрондық парағының мекен-жайы веб параққа сілтеме көрсетіледі.
Апостиль қою – Қазақстан Республикасыныңаумағында берілген ресми құжаттарды шетелде заңды түрде пайдалануды қамтамасыз ететін халықаралық-құқықтық рәсім. Шетелде оқу, жұмыс істеу немесе өзге де құқықтық қатынастарға қатысу кезінде апостиль қою талаптарын алдын ала ескерген жөн.
Жалағаш аудандық сотының
бас маманы Д.Ә.Шадаев
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!