Энтеробиоз ауруының қоздырғыштары – острицалар. Острицалар аш ішектің төменгі бөлігінде және тоқ ішекте өмір сүреді. Алдыңғы жағымен олар ішектің қабырғасында жабысып тұрады. Ұйықтап жатқанда, түнде аналық острицалар тік ішек арқылы сыртқа шығады. Перианальдық ауданға әр самка 5-15 мыңға дейін жұмыртқалайды. 4-5 сағ кейін жұмыртқадан личинкалар дамып, олар адамдар үшін залалды болады.
Перианальдық ауданның қышуы, іштің ауруы, бас ауруы, тәбеттің қашуы сияқты симптомдар пайда болады . Энтеробиоз ауруы адамға қарым –қатынас арқылы жұғады. Теріні қасығанда острицаның жұмыртқалары тырнақ астына енуі мүмкін, төсекке, балалар ойыншығына, ыдыс –аяққа түсуі мүмкін ауызға, содан соң адам жұтынғанда ішекке келіп түседі де жұмыртқалардан личинкалар шығып сол жерде дами бастайды.Адам ағзасында 1 ай өмір сүреді.Бірақ кейбір адамдарда жеке бастың тазалығын сақтамағандықтан өзіне өзі жұқтыру арқылы острицалар бірнеше ай немесе жыл паразиттік күй кешеді.
Алдын алу шаралары:
1. Мектептер мен балабақшаларда санитарлық және дезинфекциялық ережелерді қатаң сақтау;
2. Балалардың жеке бас гигиенасын сақтау;
3. Тырнақты уақытылы алу;
4. Әжетханаға барғаннан кейін қолды сабындап жуу;
5. Төсеніштерді, ішкі киімдерді уақытылы ауыстырып, үтікпен басу;
6. Ойыншықтарды жуып пайдалану.
ҚР ДСМ СЭБК «ҰСО»ШЖҚ РМК ҚОБФ
Жалағаш аудандық бөлімшесінің
паразитолог- лаборанты Меңлібаева А.О
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!