Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 20:49

Кадрлық өзгерістер: Кім қайда барды?

05.01.2024

1081

0

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Жиында кадрлық өзгерістерге тоқталған Ардақ Әбдіғаппарұлы әріптестеріне Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы мен оның орынбасарын таныстырды.

Айта кетейік, аудан әкімінің 4 қаңтардағы өкімімен Шарабан Қалыбаев аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысы лауазымынан босатылған. Кеше аудандық мәслихаттың шешімімен және аудандық сайлау комиссиясының хаттамасына сәйкес Қалыбаев Шарабан Мақсұтұлы аудандық сайлау комиссиясы төрағасы болып сайланды. Ал осыған дейін аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметін атқарған Таңатар Доспанов оның орынбасары болды.

Ардақ Әбдіғаппарұлы қос азаматтың мемлекеттің қызметте жиған мол тәжірибесін тілге тиек етіп, әлі де өңірдің өркендеуіне өлшеусіз еңбек ететініне сенім білдірді.

– Шарабан Мақсұтұлы мен Таңатар Доспанов та білікті маман екеніне ешкімнің дауы жоқ. Аудан әлеуетінің артуына, мәдениетінің өркендеп, өрісінің кеңеюінде қос азаматтың қолтаңбасы бар. Сондықтан алдағы уақытта да артылған сенім үдесінен шығып, жүйелі жұмыс жасайтынына сенімім мол. Шарабан Қалыбаевтың мәдениет және спорт бөлімін басқарған тұста салада серпін қалыптастыруға, салт-дәстүрлерімізді жаңғыртуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі тақырыпта 700-ге жуық шара ұйымдастырылды. Оның ішінде Жалағаш жерінде дүниеге келіп, елдің ертеңіне еңбек еткен бабаларымыздың мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Жалпы Шарабан Мақсұтұлы қоғамдық, саяси маңызы бар іс-шаралардың жоғары деңгейінде өтуіне ерекше үлес қосты. Ал Таңатар Сағалұлы құрылыс саласына жетекшілік еткен жылдары ауданда атқарылған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 5,1 млрд теңгеге жетті. яғни 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 114,5 пайызға артты. 2023 жылы ауданда құрылыс жұмыстары қарқынды жүрді. Бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Бұған дейін өз саласында абыройлы еңбек еткен әріптестерімнің алдағы уақытта да жүйелі жұмыс жасайтынына сенім білдіремін, – деді аудан әкімі.

Мұнан кейін Ардақ Ибраимов аудандық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы мен оның орынбасарына аудан әкімінің «Құрмет» грамотасын табыстады. Өз кезегінде аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев те қос азаматтың алдағы жұмысына сәттіік тіледі.

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: