Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Сәрсенбі, 25 маусым, 01:00

Кене энцефалиті: қалай сақтануға болады

24.06.2025

15

0

Кенелер үнемі аурудың тасымалдаушысы бола бермейді. Көп жағдайда олардың шағуы зиянсыз, бірақ кейбіреулері әртүрлі ауруларды, соның ішіндекене энцефалитін тасымалдауы мүмкін.

Кене энцефалиті келесідей беріледі:

– вирус жұқтырған иксод кенесі жабысқанкезде;

– кенелердің жаппай шабуылы кезінде ешкі, қой, сиырдың шикі сүтінде сирек жағдайда вирус болуы мүмкін;

– кенені жаншығанда немесе шаққан жерінқасығанда.

Кене энцефалиті ауруының белгілері: жалпыәлсіздік, бастың ауруы, жүректің айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, дене температурасыныңжоғарылауы, кене шаққан жерде гиперемия.

Кене энцефалитінің профилактикасы:

Табиғатта демалу кезінде, саяжайда ұзын жеңдікиім киіп, оны шалбарға, ал шалбарды шұлыққасалыңыз. Бас пен мойынды орамалмен, капюшонмен жабыңыз;

киім мен денеңізді тексеріп тұрыңыз;

дененің ашық жерлері мен киімдердірепелленттермен өңдеңіз;

кене шағып алған жағдайда медициналықұйымға жүгініңіз.

медициналық көмекке жүгіну мүмкіндігіболмаған кезде кенені өзіңіз алып тастаңыз (кенегебір тамшы май тамызып, пинцетпен немесе жіппенқозғап, біртіндеп алыңыз;

Егер тұмсығы теріде қалса, оны тікен сияқтыалып тастаңыз, шаққан жерге йод жағып, қолыңызды мұқият жуыңыз).

Г.Айымбетова – Жалағаш аудандық СЭБ басқарма басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: