Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сейсенбі, 17 қыркүйек, 00:22

КЕЗЕКТІ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

02.11.2023

262

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Жалағаш кентіндегі азық-түлік сауда дүкендері мен дәріханаларға мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Азық-түлік тауарларының бағасына жүргізілген зерделеу жұмыстары барысында мониторингтік топ тарапынан кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар өнімдердің шекті бағасын негізсіз қымбаттатқан жағдайда тиісті шаралар қолданылатындығы жөнінде ескертілді.
Дәріханалар бойынша бірнеше дәрілердің жетіспеушілігі байқалды. Халық көп қолданатын дәрілердің бағасы қалыпты. Жетіспеушілік туындатып жатқан дәрілерге қазіргі таңда сұраныстар беріп жатқандығын айтып өтті.

AMANAT

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: