Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Жұма, 15 қараша, 03:16

Кімге қауын
жеуге болмайды?

25.07.2023

584

0

Қазір бақша өнімдері пісіп, сатылымға шыға бастады. Былтырдан бері қауын-қарбызды күткендер мезгілі болсын, болмасын дәмін татуға асығады. Бірақ қауынның адам денсаулығына кері әсер ететінін ескере бермейді. Мамандардың кеңесіне құлақ түрсек, қант диабетімен ауыратындарға, асқазанында жарасы барларға, жүкті және емізулі аналарға қауын жеуге болмайды.

Денсаулық сақтау саласының мамандары бақша өнімдерін уақытымен жеуге кеңес береді. Тіпті кей адамдарға қауын жеуге болмайтынын айтады. Мәселен аллергиясы бар адамдарға қауын жеуге үзілді-кесілді тыйым салынады. Өйткені қауын жердегі барлық заттарды өзіне сіңдіреді. Бұл заттар аллергияның қозуына ықпал ететіні анық. Одан бөлек, аллергиясы барларға сары түсті азық жеуге мүлде болмайды. Десе де, мезгілдік жемісті жемей тұра алмайсыз. Сізге бір тілік қауын жетеді. Егер денеңізде қандай да бір белгілер білінсе, дереу гистаминге қарсы дәрі ішіңіз. Өйткені қауынның құрамындағы улы заттар бауырды зақымдайды.

Асқазаны ауыратындарға да жеуге кеңес бермейді мамандар. Сондықтан аталған ағзаның жұмысын жақсартқыңыз келсе, қауынды жемей-ақ қойыңыз. Ал егер тәбетіңіз тартып тұрса, екінші таңғы немесе түскі ас кезінде жегеніңіз дұрыс. Өйткені жатар алдында жеген қауынның пайдасынан, зияны басым. Егер сіздің асқазаныңызда гастрит немесе жара болса, онда қауынды мүлде жемеңіз. Ал соңғы топтағы адамдарға не себепті тыйым салынатыны айтпаса да түсінікті шығар. Яғни емізулі баласы бар аналарға хош иісті жемістерді жеуге болмайды. Ол өзінің ғана емес, сәбидің де денсаулығына кері әсер етеді. Қауын жеген ана мен баланың іші кеуіп, желденеді. Асқазанының жұмысы өзгеріп, мазаңызды алады. Егер қауын жеуді тыймасаңыз, онда балада аллергия пайда болуы мүмкін. Оған қоса, баланың иммунитеті төмендеп, ағзасы әлсірейді.

Қарап отырғаныңыздай, иісі бұрқыраған бақша өнімдерінің де кейде денсаулыққа кері әсері тиіп жатады. Әрине бұл өнімнің зияны бар деген сөз емес, тек кей адамдардың ағзасының әлсіздігінен екенін түсіну керек. Не десек те, қазіргі уақытта бақша өнімдерін сақтықпен жеген абзал.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: