Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – жедел, қызбамен, жалпы уланумен, өлім-жітімнің болуыменсипатталатын вирусты инфекция. Індет қоздырғыштары ауру адам немесе ауру тасымалдаушы, мал қанын сорған кене арқылы (яғни, трансмиссивті жолмен) және тұрмыста қарым-қатынасжағдайында жанасу (контакт) арқылы немесе ауру малды сойып, оны мүшелегенде, малды кенедентазалағанда, мал қырқымы кезінде техника қауіпсіздігінсақтамау салдарынан жұқтырылуы мүмкін. Сондай-ақ, адам бұл ауруды сырқаттарды күту және оларғамедициналық көмек көрсету немесе аталған вируспензертханалық жағдайда жұмыс істеу барысында да жұқтырады. Ауру көзі болып ауру адамдар және вирус жұқтырған жануарлар жатады.
Кеселге негізінен ауылшаруашылық жұмыстарыменайналысатын адамдар, көктем, жаз айларындатабиғатта, көк шөптер арасында демалатын адамдаршалдығады. КҚГҚ ауру адамнан сау адамға жұғады. Негізгі тасымалдаушылары болып кенелер жатады. Адамдар арасындағы індет жағдайлары көбіне көктем-жазғы уақыттарда (сәуір-тамыз) тіркеледі. Көбіне ауыл-шаруашылық салада жұмыс жасайтын адамдарауырады. Аурудың алғашқы сатысында қысқа уақытішінде жоғарғы температура 39-40, қатты бас ауруы, тоңып- қалтырап, ұйқысы бұзылып, тәбеті нашарлап, жүрегі айнып құсуы мүмкін, жүрек соғысы баяулап, артериялық қан қысымы төмендейді. Қан кету белгілерінің бастапқы кезеңі науқастыңденесінде бөртпенің пайда болуымен, түрлі егулержасаған жерде қатты ісік, көгеру пайда болуымен, мұрнынан қан кетумен сипатталады.
– Кенеден таралатын ауруларының алдын-алудыңжолы-кене шағудан қорғану.
– Саябаққа, табиғатқа барғанда жабық киім кию, шалбарды етікке салып, бас киімді өзіңізбен бірге алыпжүру керек, шашты қалпақ немесе орамал астынажасыру керек.
– Әр үш сағат сайын қайта жағу керек спрейлерменжәне арнайы кенеге қарсы құралдарды қолданыңыз.
– Орман аймағында, шөпті өсімдіктері бар учаскелердеболған кезде өзара бір бірлеріңізді тексеру және өзін – өзі тексеру, жер үсті тексерулерін әр 10-15 минут сайын жүргізу.
– Ашық табиғат аясындағы демалыстан оралғаннанкейін және киімді шешкеннен кейін, денені, шаштыжәне киімді мұқият тексеріп, кенелерді, әсіресе бас терісін, қолтықты, құлақтың артындағы аймақты мұқиятқараңыз.
– Киімді желдетіңіз, гүлдерді, бұтақтарды немесеаңшылықтан кейінгі заттарды бірден бөлмегеәкелмеңіз.
– Үй иттерін және басқа үй жануарларын оларғажабысқан кенелерді анықтау және жою үшін тексеріңіз.
Есіңізде болсын! Кене шағуы аса қауіпті инфекция-Конго Қырым геморрагиялық қызбасына алып келуімүмкін!
Кенелерден қорғау ережелерін сақтау және дереумедициналық көмекке жүгіну сіздің өміріңізді сақтайды!
Г.Айымбетова – Жалағаш аудандық СЭБ басқарма басшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!