Парламент мәжілісінде бептерде кию талабы енгізілді. Ал кейбір шаралар онлайн форматта өткізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
6 ақпан күні президенттің іс басқармасына қарасты медициналық орталықтың бас санитар дәрігері Айгүл Темірғалиева коронавирус инфекциясына байланысты бүгіннен бастап мәжіліс ғимаратында бірқатар шектеу шараларын енгізді. Атап айтқанда, міндетті түрде медициналық бетперде тағып жүру керек. Ал жиналыстар онлайн форматқа ауыстырылады. Ғимаратта қандай да бір шара ұйымдастырылса, маска тағу режимі қатаң сақталуы шарт.
Осыған байланысты мәжілістің баспасөз қызметі мәжілістің жалпы отырысна келетін жураналистерді шектеу шараларын алып тастағанша бетперде киіп келуді сұрады.
Айта кетері, бұған дейін мәжіліс спикері Ерлан Қошанов пен президент кеңесшісі Қанат Бозымбаевтан коронавирус анықталған болатын.
Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!