Бүгін Жалағаш ауданына қарасты Мәдениет ауылында ауылдық клубта «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді.
Кездесуді «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қ.Мұстафаева ашып, кәсіп бастауға ниетті ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасының ауданымызда іске асу барысы туралы айтып өтті. Жалағаш аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің әдіскері Дәржанов Серікболсын кездесуге келген ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, заң аясында кеңестер берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!