Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

33°C

, Бейсенбі, 15 мамыр, 23:02

Майдангердің есімі ұлықталды

15.05.2025

18

0

Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Ыдырыс Қалиевтың туғанына 100 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті.

Майдангердің ескерткіш-мүсініне гүл шоқтары қойылып, рухына құран бағышталды.Бұл шараға қала әкімінің орынбасары Бақытжан Омаров, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шакизат Төребаев, Ыдырыс Қалиевтің жұбайы және қоғам қайраткерлері қатысып, ел ақсақалы болған ардагердің өнегелі өмірінен естеліктер айтты.

Майдангердің есімі ұлықталды

Өз дәуірінің дара тұлғасы, Сыр елінің парасатты перзенті Ыдырыс Қалиев өмірін халқына қызмет етуге арнады. Ол екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталып, Қызылорда облысының, Қызылорда қаласының, Арал, Қазалы аудандарының «Құрметті азаматы» атанды.

Майдангерді еске алу шарасы облыстық ғылыми-танымдық конференциямен жалғасуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: