Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

32°C

, Сейсенбі, 12 тамыз, 18:50

«Мақпалкөлдің аспаны» – оқырман олжасы­­

12.08.2025

23

0

Гауһар Қожахметова, ақын, журналист:

Қайда жүрсем де туған жерім жүрегімде сақталады. Өз еңбектеріме бір сәт көз тастасам, өлеңдерімнің көбісі туған жер, ауыл тақырыптарына негізделіпті. Кейде шығармашылығыммен таныс оқырмандарым «Неге туған жер, ауыл тақырыбында көп жазасың, ауыл сенде ғана бар ма?» деп әзілдейді. Шындығында, адамзатқа кіндік қаның тамған туған жердің дамуына тамшыдай болса да үлес қосу – перзенттік парыз. Біз қайда жүрсек те туған жерге кіндігімізбен байланғанбыз. Сондықтан болар, мен үшін ауыл жайлы өлең жазбау мүмкін емес.

Қарымды қаламгердің ауыл жай­лы осы бір ғана пайымы оның шығар­машылыққа адалдығын аңғарт­са ке­рек. Мақпалкөл ауылынан түлеген Гау­һар Қожахметованың шығар­ма­шы­­­лығымен Сырдағы қалың оқыр­ман етене таныс десек, артық айтқа­нымыз болмас.
Иә, ол журналистика саласында өзінің қолтаңбасын қалдырды. Әлі де осы салада талмай еңбек етуде. Асқаралы алпыс жасында артына бір сәт қарайлап, оқырман үшін һәм өзі үшін де құнды еңбектерін жинақтап, «Мақпалкөлдің аспаны» атты жаңа кітапты жарыққа шығарды. Ақынның құнды еңбектің тұсаукесер рәсімін өзінің туған ауылында өткізуінде де үлкен мән жатыр.
Иә, кешегі аптаның бейсенбісінде Мақпалкөл ауылдық округінде ақын, «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі, Қазақстан Республикасы Ақпарат сала­сының үздігі, белгілі журналист, туған жерінің тұғырын биіктетіп жүр­ген танымал қаламгер Гауһар Қожахметованың «Мақпалкөлдің ас­па­ны» атты кітабының тұсаукесер рә­­сімі өтті. Тағылымы терең, рухани мазмұны зор шараға аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов, об­лыс­­тық мәслихат депутаты Әмірбек Шай­мағамбетов, «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Марат Аралбаев, өңір­лік БАҚ және зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты. Сал­­та­натты жиында аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов Гау­һар Асқарқызын 60 жасқа толған мерейлі мерейтойымен және жаңа туындысының жарық көруімен құт­тық­тап, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың және аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың құттықтауларын жеткі­зіп, сый-құрмет көрсетті.
– «Әркімнің туған жері – өзіне Мы­сыр шаһар» деп бекер айтыл­ма­са керек. Мемлекет және қоғам қай­­раткері Темірбек Жүргенов атын­­дағы ауылдан елдің дамуына са­налы ғұмырын сарп еткен таны­мал азаматтар көптеп шыққан. Біз әрине, олармен мақтанамыз. Міне, аядай ауылдан түлеп, елдің өркендеуіне үлес қосқан жандардың қатарында белгілі қаламгер Гауһар Қожахметова апайымыз да бар. Сыр журналистикасында ғана емес, қазақ журналистикасында өзіндік ор­ны бар Гауһар апайымыздың шы­­ғармашылық жолы өскелең ұр­пақ­қа адалдықты, отансүйгіштікті, па­триоттықты дәріптейді. Оның сыр­ға толы жырлары, мән-мағынасы те­рең кесек дүниелері оқырманға ой салады. Бүгінгі жаңа туындысының «Мақпалкөлдің аспаны» деп аталуы да тегін емес. Қарымды қаламгердің қайда жүрсе де туған жерге, өскен өлкесіне деген құрметі жоғары. Бүгінгі оқырман олжасына айналған тың туындының тақырыбы бұл сөзімізді айғақтайды. Қазақта «Туған жердің топырағы да, торғайы да ыстық» деген сөз бар. Гауһар Қожахметованың тұтас шығармашылығына үңілсек, ауыл көз алдымызға келеді. Бүгінгі ас­қаралы алпыс жасында автордың жаңа кітабы жарық көруде. Бұл – бір ғана қаламгердің емес, ауылдың тойы, осындағы ағайынның қуа­ны­шы. Баршаңызға сол қуаныш құтты болсын. Ақын апайымызға шы­ғар­машылық табыс, шалқар шабыт тілейміз. Тың дүниелермен оқыр­ман­ды қуантып жүре беріңіз, – деді аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов.
Мұнан кейін «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Марат Аралбаев Қызылорда қаласы әкімі Нұржан Ахатовтың құттықтауын табыстады. Қаламгердің Сыр журналисткасында ерен еңбегіне ерекше тоқталған Марат Жайылханұлы мерейтой иесі­нің алдағы уақытта да оқырманға ой салар тың дүниелерді жарыққа шы­ғаратынына сенім білдірді. Ал об­лыс­тық мәслихат депутаты Әмір­бек Шаймағамбетов ақынды ме­рей­­тойы­мен құттықтап, жаңа туындының қазақ руханиятына қосар үлесі мол еке­нін тілге тиек етті.
Гауһар Қожахметова 1965 жы­лы 5 тамызда Жалағаш ауданы Темірбек Жүргенов ауылында дүниеге кел­ген. 1982 жылы №117 Әбдікәрім Оңал­баев атындағы орта мектепті бітіріп, сол жылы Қызылорда қала­сындағы Н.В.Гоголь атындағы педа­гогикалық институттың фило­ло­гия факультетіне оқуға түсіп, 1986 жылы тәмамдады. Оның мек­теп қабырғасында жазған ал­ғаш­­қы тырнақалды жырлары мен ма­қала­лары аудандық «Жа­ңа­­­да­рия», қазіргі «Жалағаш жар­шы­сы» газеті мен республикалық «Қа­зақстан пио­нері», «Балдырған» басы­лым­да­рында жа­рия­ланды.
Гауһар Қожахметова ұзақ жыл ағартушылық қызметте болды. Алай­­да ол шығармашылықтан бір сәт қол үзбей, қаламын ұштай тү­сіп, облыстық «Сыр бойы», «Сыр мек­­тебі», республикалық «Ақ мар­жан» тағы басқа да басылым­дар­да маңызды мақалалар, лири­ка­лық өлеңдер жариялап тұрды. Он шақты өлеңіне ән жазылған. 2011 жылдан бері қалалық «Ақмешіт ап­та­лығы» газетінің меншікті тіл­шісі, жауапты хатшысы, бөлім бас­шысы, Жалағаш аудандық «Жа­лағаш жар­шысы» газетінде бас редак­тор­дың орынбасары болып жауап­ты қыз­меттер атқарған. Бүгінде «Ақ­мешіт апталығы» газетінің тілшісі. Қа­зақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, «Еңбек даңқы» және бірнеше мере­келік медальдармен, ҚР Ақпа­рат және қоғамдық даму министрінің алғыс хатымен және «Құрмет» гра­мо­тасымен, Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласы әкімінің ал­ғыс хаттарымен және арнайы дип­ломымен марапатталған. Қызыл­ор­да қаласы әкімінің «Үздік жауапты хатшы» дипломының, Жалағаш ау­даны әкімінің «Үздік тілші» номи­на­циясының иегері. Отбасылы, 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.
Ақынның әкесі – Асқар Қожах­ме­тов Темірбек Жүргенов ауылының тұр­ғыны, ұстаз-ақын, Ұлы Отан Соғы­сында қанды шайқастарға қатысып, бірнеше орден-медальмен мара­пат­талған. Бірнеше кітаптың авторы. Майдангердің атына өзі туып өскен Мақпалкөл ауылдық округі орта­лы­ғынан көше берілген.
«Мақпалкөлдің аспаны» кітабы – туған жерге деген сағыныш пен құр­меттің, ұлттық рух пен сыршыл сезімнің көркем туындысы екенін жеткізген зиялы қауым өкілдері тың туын­дыны көпшілік оқырманға ой са­лып, ұрпақ тәрбиесіне үлес қоса­тын шығарма ретінде бағалады. Рухани шарада жаңа кітаптың тұсаукесер рә­сімі өтіп, қаты­сушыларға сый­ға берілді. Жақында 60 жасқа тол­ған ақынның ауылға барып, шығар­машылық кеш өткізіп, туған жерге тағзым етуі – кейінгі буынға үлгі.
Тағылымды шарада ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды, жы­раулар жырдан шашу шашты. Сон­­дай-ақ ақынның замандастары да қарымды қаламгердің шығарма­шылық жолына сәттілік тіледі. Ал мерейтой иесі бүгінгі тағылымға толы шараның өтуіне атсалысқан, жаңа ең­бектің жа­рық­қа шығуына демеуші болған аза­маттарға, ауыл­дас­та­рына алғы­сын жеткізді.

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: