2025 жылдың 17 сәуірінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі саласында мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылтудың талдау бағытында құрылған жұмыс тобының жетекшісі, департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.Мендалиевтің төрағалығымен жұмыс тобының отырысы өтті. Онда департамент басшысы талдау аясында атқарылатын жұмыс бағыттарын түсіндіріп, өткен кезеңде жүргізілген талдау қорытындысымен енгізілген бірқатар ұсынысты таныстырды.
Жұмыс тобының мүшелеріне сәуір-мамыр айларында талдаудың екінші кезеңін жүргізу үшін өңірімізге Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі саласының «Телекоммуникация, пошта байланысы және жасанды интеллект, инновация, электронды өнеркәсіп және сандық активтер» бағыттары бекітілгенін атап, талдау жүргізудің алгоритмі түсіндірілді. Сонымен қатар бюрократиялық проблемаларды (жоғарыда аталған салалардың министрліктерінде және үйлестіруші жергілікті атқарушы органдарда артық немесе реттелмеген функциялар, шешім қабылдау процестерінің күрделілігі, басқару құрылымының теңгерімсіздігі, жекеленген әкімшілік процедуралардың шамадан тыс рәсімделуі, ақпараттық жүйелер интеграциясының жеткіліксіздігі және басқалар)анықтау, оларды шешу жөнінде ұсыныстардысапалы әзірлеу туралы толық ақпарат берілді.
Департамент басшысы атқарылатын жұмыс бағыттарының маңыздылығын айтып, мекеме басшыларын талдау жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды. Отырыста қатысушылардың пікірі тыңдалып, сұрақтарға толық жауап берілді.
Алдағы уақытта талдау жұмыстарының нәтижесінде қалыптастырылған сапалы кейстер Агенттікке белгіленген мерзімде жолданады.Сондай-ақ егер жоғарыда аталған бағыттарда немесе қызмет барысында бюрократиялық кедергілерге тап болсаңыз немесе Қазақстан Республикасының азаматы ретінде аталған салалар бойынша ұсыныс-пікірлеріңіз болса, департаментке ауызша немесе жазбаша түрде хабарлай аласыздар. Біздің мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы Сұлтан Бейбарыс көшесі №1.
Байланыс нөмірлері: 8 (7242) 70 56 36; 8 (7242) 700040.
Электрондық пошта:n.suleimenov@kyzmet.gov.kz
ҚР Мемлекеттік қызмет істеріагенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!