Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Сенбі, 28 маусым, 18:36

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі

28.06.2025

8

0

Мемлекеттік тіл – кез келген елдің басты байлығы. Ал оның қолданыс аясын кеңейту – бәрімізге ортақ міндет. Мемлекеттік саясаттың да басты бағыттарының бірі осы ана тілді жан-жақты дамытуға негізделген және біздің қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту мемлекеттік саясаттың басты басымдығы болып қала береді. Қазір мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы айтарлықтай кеңейген.

Тілге құрмет – анаға, ұлтқа, Отанға деген құрмет. Әр азаматта өз тіліне деген осындай жауапкершілік болуы тиіс. Өйткені ана тілін ұмытқан адам халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. 

Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Ана тілі – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігін айқындаушы басты құралы. 

Қазіргі жаһандану кезеңінде еліміздің ақпараттық кеңістігін әлемдік стандарттарға сай кеңейте отырып, мемлекеттік тілді ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бір нысаны ретінде жетілдіруді және қорғауды қамтамасыз еткен дұрыс. Өйткені қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Бізге мемлекеттік тіліміздің халықаралық мәртебесін көтеруге әлі де жұмыс жасау керек. Бұл – өркениетке жетудің басты кепілі.

Салтанат КӘЛМЕНОВА,

АПБ-ның тәрбие және кадр жұмысы

тобының инспекторы,

полиция майоры

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: