Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

36°C

, Сәрсенбі, 20 тамыз, 14:30

Мереке қарсаңындағы марапат

19.08.2025

32

0

«Ұлттық мұра» жобасы аясында ұлттық спортты ұлықтап, партия филиалымен тығыз байланыста жұмыс жасап жүрген спортшылар «Amanat» партиясы Жалағаш аудандық филиалында бас қосты. Кездесуде спортшы­лар­ды төл мерекесімен құттықтаған пар­тия фи­лиа­­лының Атқарушы хат­шысы Қаншагүл Мұстафаева олардың еңбегін ерекше атап өтті.

– Спорт күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймын. 2003 жылдан бері тамыз айы­ның үшін­ші жексенбісінде атап өтілетін бұл мереке тек спортшылар мен жаттық­тыру­шылар ғана емес, дене тәрбиесі мен спортты насихаттайтын барша қазақстандыққа ортақ. Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. «Спорт – денсаулық кепілі» қағидасын бе­рік ұстанған мем­ле­кетіміз халқымыздың де­ні сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бә­рін жасауда. Жыл сайын спортшы саң­лақ­та­рымыз ел намысын қорғап, қарым-қа­­білетін дүние­жүзіне мойындатып келеді. Ау­дан спортшылары да республика көле­мін­де ғана емес, халықаралық дең­гей­де де мақтанарлық нәтиже­лерге қол жеткізіп, аудан абыройын асқақ­татуда. Осы жолда сіз­дердің еткен еселі еңбектеріңіз бар, бүгінгі ме­ре­кемен сіздерді құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, денде­ріңізге сау­лық, жұмыстарыңызға сәт­тілік тілеймін, – деді Қан­шагүл Шоңмұрынқызы.
Айта кетейік, марапат төрінен көрін­ген­дер қатарында аудандық «Наркескен» спорт клубының қол добы үйірмесінің жат­тық­тырушысы Дархан Кіребаев, гір спорты үйір­месінің жаттықтырушысы Абдул­хасан Сей­тенов, Бұқарбай батыр ауылының спорт нұс­қаушысы Азамат Зәуребаев, аудандық жа­бық бассейннің нұсқаушысы Мейрамбек Ораз­баев пен №13 олимпиадалық резерв­тің ма­мандандырылған балалар мен жасөс­пі­рім­дер спорт мектебінің әдіскері Дулат Ырыс­ба­­йұлы мен қарауылы Бауыржан Демесінов бар.
– «Наркескен» спорт клубында 2016 жыл­дан бері гір спорты үйірмесі өз жұмысын бас­тады. Бүгінде аудан әкімінің қолдауымен, де­меушілердің көмегімен гір спорты үйірмесі талапқа сай қажетті құрал-жабдықпен қамта­масыз етілген. Бұл жұмыстар бүгінде өз же­­місін беріп, аталған спорт түрі ауданда қар­­қынды дамып, жыл сайын үйірмеге қаты­сатын жастар қатары артты. Қандай жарысқа барса да қоржыны бос қайтпайтын үйірме спортшылары біраз жетістікке жетіп үлгерген.
Үйірмеге кент және ауылдардан аптасына 4 күн 60-қа жуық оқушы келеді. Онда 4 топ бар, оның біреуі – «Сауықтыру» тобы. Жі­гіт­тердің еңбекқорлығы талай сайыста бай­қалды. Олар спорт шеберіне үміткер атағын алу үшін біраз тер төкті. Нәтижесінде Төлеген Қайсар – спорт шебері, ал Нұрлан Қуаныш, Өтеген Әділбекұлы, Ербол Әзиз, Нұрислам Орынбасар, Ислам Мәжиев – спорт шеберіне үміткер, – дейді бапкер Абдулхасан Сейтенов.
Айта кетейік, жоғары санатты жаттықты­ру­­шы Абдулхасан – Азияның екі дүркін чем­пио­ны. Сондай-ақ аудандық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы Еркен Жантуғанов спорт саласындағы табысты еңбегі үшін спортшыларды құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Иә, бұл кездесу – спортты серік еткен аза­маттарға көрсетілген құрмет пен қолдаудың айқын көрінісі.

Сезім НҰР

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: