Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-6°C

, Жұма, 27 желтоқсан, 08:47

Мешітте неке қию туралы куәлікті талап еткен заңды ма – әділет министрі өз ойын айтты

16.10.2023

855

0

Әділет министрі Азамат Есқараев мешіттерде неке қию рәсімінен бұрын заңды куәлікті талап етуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін Астанада өткен брифингте журналистер министрден заңды куәліксіз мешітте неке қиятын адамдар туралы сұрады. Ондайда әйелдер заңды тұрғыда қорғалмай қалады. Себебі ер адам кез келген уақытта некені бұза алады, өз міндеттерін атқармауы да мүмкін. «Осы тұрғыда қандай да бір өзгерістер бол ма», – деді тілші.

Әділет министрі алдымен Конституцияның негізгі бабын еске салды.

«Біріншіден, Конституция бойынша біз зайырлы, демократиялық және құқықтық мемлекетпіз. Сондықтан барлық азамат заңның талаптарын сақтауы тиіс. Некеге тұру үшін тәртіп бойынша мемлекеттік органға жүгіну керек. Оны не үшін істейді? Некеге тұратын адамдардың, соның ішінде әйелдердің құқығын қорғау үшін жасайды. Ал неке мемлекеттік органдарда тіркелмесе, белгілі бір мәселелер бар, қауіп-қатерлер бар деген сөз», – деді Есқараев.

Министрдің айтуынша, саналы түрде тұрмысқа шығатын қыздар заңды куәлікті алуға тырысады. Ал ер адам некені ресми түрде тіркемеймін десе, оның әрекет күдік туғызуы керек.

«Негізі, менің білуімше, мешіттерде заңды куәлікті көрсету талабы бар, имамдар алдымен неке қию туралы куәлікті сұрайды. Ол дұрыс, мешіттерде ондай құжатты талап етуі керек. Сосын ғана мешітте неке қию қажет. Мен өзім үйленгенде солай істегенмін», – деп атап көрсетті Есқараев.

Алайда мешіттер заңмен неке қию туралы куәлікті талап ету міндеттелмейді.

«Негізі, бұл мәселе заңға да байланысты емес, әйел мен ер адамның ниетіне байланысты. Қазір әртүрлі қарым-қатынастар болады, оны өзіңіз де жақсы білесіздер. Некені заңды түрде тіркеу керек», – дейді әділет министрі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: