«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Даму» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында 16 қазан- Дүниежүзілік нан күніне орай, ұннан жасалатын тағамдардан «Нан» көрмесі ұйымдастырылып өткізілді.
Шараға «Даму» БПҰ-ның төрағасы Э.Құттымбетова, аудандық партия филиалының консультанты А.Кенжебаев қатысып, шараның маңыздылығын айтып өтті.
«Нан» көрмесіне «Даму» БПҰ-ның Жалағаш ауданының әкімдігі, Жалағаш кенті әкім аппараты, Аудандық кірістер басқармасы, Аудандық маслихат аппараты, Жалағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі топтық ұйымдары қатысып, түрлі нан өнімдерінен жасалатын ұлттық тағамдарды ұсынды. Шара соңында «Нан» көрмесіне қатысушыларға арнайы дипломдармен сыйлықтар табыс етілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!