Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Жұма, 29 қараша, 10:30

Нұрлыбек Нәлібаев «Қорқыт ата» әуежайы терминалының құрылыс барысымен танысты

21.01.2024

285

0

Жексенбі күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қорқыт ата» әуежайы терминалының құрылыс барысымен танысты.

Алдымен аймақ басшысы әуежай аумағын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын саралап, кіреберіс жол салу мәселесін талқылады. 

Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың ақпанынан басталған болатын.
Терминал аумағын абаттандыру және көгалдандыруға жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпаздары анықталып, тиісті жұмыстар басталды.

Қазіргі уақытта әуежайдың жаңа терминалының негізгі құрылыс жұмыстары 91% орындалған. Оның ішінде, әрлеу жұмыстарының 87,3%-ы жасалған, инженерлік желілер толығымен жүргізілген, электр желілерін тарту  89,7% біткен. Құрылысқа пайдаланылған материалдар жоғары сапалы, орнатылатын құрал- жабдықтардың барлығы Еуропа елдерінен әкелінген.

Мердігер компания өкілі терминалдың құрылыс жұмыстары  мамыр айында толық аяқталатынын баяндады. Облыс әкімі абаттандыру, көгалдандыру кезінде егілетін ағаштар, гүлдер жергілікті климатқа бейімделген болуы керектігін ескертті. Сонымен қатар жол сапасына баса мән берілуі тиіс.

Жерлесіміз, меценат «Болат Өтемұратовтың қоры» өңірде халықаралық стандарттарға сай заманауи терминал салуда. Қазіргі  әуежай жылына 137 мың адамға қызмет көрсетсе, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін 220 мың жолаушыны қабылдай алады. Ал жүк тасымалдау көлемі 150 тоннадан 240 тоннаға дейін ұлғаяды. Құны 25 миллион долларды, алаңы 7500 шаршы метрді құрайтын терминалда телескопиялық трап екі қабатты болады. Жолаушыларға, оның ішінде қозғалыс қабілеті шектеулі азаматтарға ыңғайлы болу үшін эскалаторлар мен лифттер қарастырылмақ. Жылдам әрі жайлы қызмет көрсету үшін өзін-өзі тіркеу бағандары, жүкті беру және өңдеу автоматтандырылады.

Облыс әкімі өңірдің негізгі әуе қақпасы заманауи  талаптарға сай болуы керектігін айтты. Бұл ретте әуежай басшысына қор өкілдерімен бірлесіп,  құрылысқа қажетті жұмысты үйлестіріп, уақытылы аяқтауды тапсырды.

Жаңа терминал құрылысы аймақ басшысының тұрақты бақылауында.

IMG-20240121-WA0015.jpg
IMG-20240121-WA0011.jpg
IMG-20240121-WA0013.jpg
IMG-20240121-WA0012.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: