Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жексенбі, 24 қараша, 08:29

Нұрлыбек Нәлібаев журналистерді төл мерекемен құттықтады

29.06.2022

350

0

Сыр елінде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған «Қанатты қалам-2022» мерекелік салтанатты шарасы өтіп, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев журналистерді төл мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.

Аймақ басшысы ақпарат ағынынан қалмай, өз көрермендері мен оқырмандарына адал қызмет етіп, мамандығын қадір тұтқан журналистердің қоғамда алар орнына тоқталды.

Ақпарат тасқыны алапат дәуірде таңдаған мамандығына адал болып, ұстанымын өзгертпеген, қалам қасиетін ардақ тұтқан журналистер қауымына жақсы тілектерімізді айту үшін жиналып отырмыз.
Өздеріңіздей туған жердің тарихын қадір тұтып, бүгінгісіне марқайып, ертеңіне алаңдайтын қауыммен жүздесу біз үшін үлкен қуаныш.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап ел дамуының барлық кезеңдерінде бүгінімізді бекем, болашағымызды жарқын ету жолында Сіздер де зор үлес қосып, ең қиын сәттерде жүректерге сенім ұялататын шынайы ақпарат тараттыңыздар, халықтың ертеңге деген сенімін арттырдыңыздар.
Ұлт болып ұйысуға, мемлекет болып ілгерілеуге бағытталған елдік шаруаларға, Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға қосқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін өздеріңізге риясыз алғысымызды айтамыз,-деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Аймақтың ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар БАҚ өкілі облыс әкімінің арнайы марапатына ие болып, құрмет төрінен көрінді. 20 БАҚ өкіліне арнайы номинация, 10 сала ардагеріне шипажайға жолдама берілді. Сондай-ақ, С.Бермағанбетов атындағы жас журналистер
байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Салтанатты жиында журналистер мерекелік думанды әнге бөледі. Сондай-ақ, Сырдың өнерпаздары қалам ұстаған қауымға құрмет көрсетті.

Айта кетейік, бүгінде облыстың медиа кеңістігінде 130-дан аса БАҚ жұмыс істейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: